Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің шешімімен Асхат Раздықұлы Оралов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Айтай кетейік, бұған дейін Оралов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған еді.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, сондай-ақ РФ СІМ-нің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) бітірген. PhD ғылыми дәрежесі бар.

• 2011 жылы еңбек жолын ЕНУ-де жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бас маман болып бастаған.

• 2013–2016 жж. – ЕНУ протокол бөлімінің жетекші маманы.

• 2014–2016 жж. – «Нұр Отан» (қазіргі «Аманат») партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

• 2016–2018 жж. – Астана қаласының жастар саясаты басқармасының басшысы.

• 2018 жылдың қаңтар–тамызы – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры.

• 2018–2019 жж. – ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары.

• 2019–2020 жж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

• 2020–2021 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.

• 2021–2022 жж. – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

• 2022–2023 жж. – «Нұр Отан» / «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы.

• 2023 жылғы 4 қаңтардан бастап – ҚР Мәдениет және спорт министрі.

• 2024–2025 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

Сонымен қатар Маңғыстау облысында Ербол Күрентайұлы Ізбергенов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ал Асқар Сәкенұлы Қанибеков жаңа қызметіне байланысты әкім орынбасары лауазымынан босатылды.