Бейжіңде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақорданың хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-отырысы басталды.

Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдарының 500-ден аса өкілі, соның ішінде 70-тен аса Қытайдың ірі корпорацияларының жетекшілері қатысып отыр.

Президент Бейжіңдегі Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің сегізінші отырысы алдында Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен бірге суретке түсті.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз