Қазақстандық жас теннисшілер Тбилисиде өткен TEN-PRO турнирінде жүлделі орындарға ие болды.

Атырау құрамасы екі алтын және екі күміс медаль иеленді. Алматы командасы да екі күміс пен бір қола медаль жеңіп алып, мерейі асқақтады. Жарысқа 18 елден 270 спортшы қатысты. Жаттықтырушылардың айтуынша, бұл доданың басты ерекшелігі әрбір қатысушы төрт ойын өткізеді. Бұл жас спортшылардың тәжірибе жинауына мүмкіндік беріп, шеберлігін шыңдайды.

Вера Тихомирова-Брегвадзе, Атырау облыстық Теннис федерациясы филиалының директоры:

- Әрине, нәтижеге қуаныштымыз. Екі алтын мен екі күміс жеңіп алдық. Мұндай жарыстар спортшылардың шеберлігін шыңдап, кәсіби дамуына өте пайдалы деп санаймын.

Бақтыбай Мұнтазбегім, TEN-PRO турнирінің алтын жүлдегері:

- Жасым 12-де, тенниспен 6 жылдай айналысамын. Бұл спорт түрін жақсы көремін. Турнирде бірінші орынды иелендім. Ең қиын ойыным Ресейден келген қызбен болды. Ұзақ ойнадық, тартысты болды. Көп тәжірибе жинадым.