Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан үш қабатты ғимаратта шыққан өрт 850 шаршы метр аумақта сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндіру жұмыстары бірқатар қиындықтарға тап болды. Алғашқы бөлімшелер Н. Данченко көшесіндегі оқиға орнына жеткенде, өрт ғимараттың үлкен бөлігін шарпып үлгерген. Ашық терезелер арқылы пайда болған тарту күші мен ауа ағыны жалынның жылдам таралуына себеп болған.
Қаланың ең тығыз қозғалысты автомагистральдарының бірінде орналасқан нысанға жету өрт сөндіру техникалары үшін айтарлықтай қиындық туғызды — алғашқы топтар көлік кептелісіне тап болды.
"Сонымен қатар қызып тұрған металл конструкциялар ішінара құлап, өрт сөндірушілердің жұмысына қосымша қауіп төндірді. Тығыз орналасқан көрші құрылымдар да оттың одан әрі таралу қаупін ұлғайтқан", — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта өрттің нақты себебі анықталу үстінде.