Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық серіктесі Александра Круничпен бірге АҚШ-та өтіп жатқан US Open турнирінде жұптық сайыстың үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екінші айналымда олар румын-латвиялық дуэт — Моника Никулеску мен Анастасия Севастованы сенімді түрде 6:2, 6:2 есебімен ұтты.
Бірінші айналымда Данилина мен Крунич хорватиялық Антония Рузич пен нидерландылық Бибиана Схофсты 6:1, 6:1 есебімен ойсырата жеңген еді. Бұл кездесу бар болғаны 1 сағат 3 минутқа созылды.
Айта кетейік, Анна Данилина қазіргі таңда WTA рейтингінде әйелдер арасындағы жұптық сында әлемнің 10-шы ракеткасы әрі Қазақстанның үздігі саналады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы АҚШ-тағы ашық чемпионаттың төртінші кезеңіндегі матчын өткізіп, чехиялық Маркета Вондроушовадан (WTA №60) 4:6, 7:5, 2:6 есебімен жеңілгенін жазған едік.