Әлеуметтік желілерде Air Astana әуе компаниясының КС 859 рейсінің бортында түсірілген видео тарады. Жолаушылардың айтуынша, ұшақ әуеге көтерілгенде салонында түсініксіз дыбыстар естілген, ал 40 минуттан кейін әуе кемесі кенет төмендей бастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жағдайға әуе компаниясының баспасөз қызметі түсінік берді.

Роликті 2025 жылғы 1 қыркүйегкте ZTB редакциясы жариялады.

"Адамдар дұға жасап жатты, әйелдер жылады, бортсеріктердің өзі де абыржыды, жүздерінде үрей болды. Бір сәтте дауыстық хабарлама арқылы ұшаұ дереу қонатынын айтты. Стюардессаның дауысы дірілдеп, қорыққаны сезілді", — деді жолаушылардың бірі.

Куәгерлердің сөзінше, ұшақ 10-15 минут төмендеген. Бір мезетте салонда дүрбелең басталып, адамдар орындарынан тұрып кеткен, стюардессалар өткел бойымен жүгірген.

Air Astana түсініктемесі

Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі Zakon.kz редакциясына былай деп мәлімдеді:

"31 тамыз күні Алматы – Ақтау бағытымен ұшқан КС 859 рейсінің экипажы Ақтауға жақындаған сәтте техникалық ақау туралы хабарлап, нұсқаулыққа сәйкес қонуға басымдық беруді сұрады. Осыдан кейін әуе кемесі қауіпсіз биіктікке төмендеп, сәтті түрде Ақтау әуежайына қонды. Ұшаққа тексеру жүргізіліп жатыр. Кейінгі КС 860 Ақтау – Алматы рейсінің жолаушылары басқа әуе кемесімен жеткізілді".