2025 жылы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты оның жұмысы уақытша шектеледі. Бұл жөнінде әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жабылу мерзімдері мынадай:
- 1-4 қыркүйек аралығы
- 8 қыркүйектен 31 қазанға дейін
Күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін
Аталған уақытта әуежайда ұшақтар ұшпайды және қонбайды. Ал 5-7 қыркүйек күндері ұшу-қону жолағы қалыпты режимде жұмыс істейді, рейстер бұрынғы кесте бойынша орындалады.
Әуежай өкілдері бұл жұмыстар инфрақұрылымды жоспарлы күтіп ұстау, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі мен қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Ұшу кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Сол себепті рейстердің нақты уақытын авиакомпания өкілдерінен алдын ала нақтылауға кеңес беріледі", — делінген хабарламада.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жолаушылардан түсіністік танытуды сұрайды және қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді.