Абай облысында Аягөз аудандық мәслихатының "АMANAT" партиясынан сайланған депутат, жергілікті теміржол депосының бастығы Алмас Жанатқалиев ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Агенттіктің хабарлауынша, Аягөз аудандық мәслихатының "АMANAT" партиясынан сайланған депутаты, "ҚТЖ – жүк тасымалы" АҚ-на қарасты жергілікті теміржол депосының бастығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген. Келтірілген шығын мөлшері шамамен 300 млн теңге.
NUR.KZ тілшісі Абай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен оқиғаға қатысты пікір алды.
"Қазіргі уақытта іс департаментте қаралып жатыр. Тергеудің мүддесі мен объективтілігін сақтау мақсатында басқа мәліметтер әзірге жария етілмейді", – деп қысқа қайырды ведомство өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз