Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Кипрде 10 мың гектар орман жанып кетті

Кипрде 10 мың гектар орман жанып кетті

Кипрдің оңтүстігінде 10 мың гектар орман алқабы өртенді.

Euronews басылымының мәліметінше, 700 үй қирап, 7 сәулет ескерткішіне зақым келді. Өрт 23 шілдеде тұтанған. Салдарынан екі адам қаза тауып, 23 адам түрлі дене жарақатын алған. Тілсіз жауды сөндіруге 250-ден астам құтқарушы жұмылды. Жағдайды екпінді жел мен аптап ыстық қиындатып отыр. Аймақта ауа температурасы +44 градусқа дейін көтерілді. Мамандардың айтуынша, алапат орман өртіне тау жотасына тасталған темекі тұқылы себеп болған.