29 тамызда Қазақстанның көп өңірінде аптап ыстық, найзағай, шаңды дауыл және екпінді жел болжанып отыр. Бірнеше өңірде төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады. Синоптиктер кей өңірде 35-41 градусқа дейінгі қатты ыстық болатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 29 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 29 тамызда күндіз найзағай күтіледі.
Ұлытау облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 29 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 29 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 29 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Өскемен қ.: 29 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 29 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 29 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың шөлді аудандарында 41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 29 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 29 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: 29 тамызда түнде және таңертең найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады
Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 29 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада найзағай, бұршақ, дауыл, шанды дуыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 29 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 29 тамызда түнде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Алматыда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Қонаев қ.: 29-30 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.