Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness .kz сайты.
Астанада екі алаяқ бірнеше жыл бойы өзін мемлекеттік бағдарлама өкілі ретінде таныстырып, азаматтарды алдап келген.
Олар арнайы кеңсе ашып, жұмыс істеп тұрған ЖШС-лардың атын пайдаланған. Азаматтарға Астана мен Алматы қалаларынан жеңілдетілген шарттармен пәтер әпереміз, несие рәсімдеуге көмектесеміз деп уәде берген. Тіпті жалған келісімшарттар жасап, сенімге кірген.
Нәтижесінде 150 адам алданып, жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам қаржысынан айырылды.
Соттың шешімімен алаяқтар 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ алдағы 5 жыл бойы олар материалдық жауапкершілік жүктелетін және басшылық қызметтерді атқара алмайды. Келтірілген шығын да сот үкімімен өндіріледі.