Ресей Федерациясы, Қазан қаласында өткен өнер сайысында Александр Лим бас жүлдені иеленсе, Ерназар Жұбан үшінші орын алды.

Ел абыройын асқақтатқан өнерпаздарды жанкүйерлері Алматы әуежайынан күтіп алды. Ән байқауы 5 күнге жалғасты. Өнер додасына 6 елден 13 әнші іріктеліп алынған. Оларға композитор Игорь Крутой бастаған қазылар алқасы төрелік етті. Ережеге сай үш күнде ең көп ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз атанады. Сайыста Александр Лим 251 , ал Ерназар Жұбан 235 ұпайды еншілеп, үздік нәтиже көрсетті.

Ерназар Жұбан, байқау жеңімпазы:

Барлығы орыс тілінде болды. Мен және Грузиядан келген қатысушы қыз ғана тілімізде ән шырқадық. Ән таңдағанда әр түрлі стильге мән бердік. Бір қалыпты қалып кетпес үшін. Бөлек-бөлек жанрларды таңдаған болатынбыз.

Байғали Серкебаев, композитор :

Мен шәкірттерімді қолдаймын. Мұндай сайыстар әрқашан өз қиындығымен келеді. Бұл байқауды жақсы мектеп деп санаймын. Себебі, жобаның 20 жылдан астам тарихы бар.

Нұрғали Сыздық