Миннесота штатында мектепте болған атыс салдарынан 20 адам зардап шекті.

Мұндай қанды қылмысты жасаған күдіктінің небәрі 20 жастағы Робин Вестман екені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

NYP деректеріне сүйенсек, жас жігіт Благовещение католик шіркеуінің терезесінен оқ жаудырған. Ол кезде онда балалар қатысқан мерекелік мектеп шарасы өтіп жатқан.

Айта кетейік, атыс салдарынан 20 адам зардап шекті, олардың үшеуі қаза тапты. Бұған дейін қала билігі қарулы шабуыл жасаған адамның өлі күйінде табылғанын мәлімдеген.