Елорда полицейлері Тәуелсіздік көшесінде күдік тудырған автокөлікті байқап қалған. Анықталғандай, оның рөлінде 17 жастағы жасөспірім отырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсіндіргендей, ол әпкесінің Hyundai автокөлігін тізгіндеген.
"Тексеру барысында жасөспірімнің алкогольдік мас күйінде болғаны анықталды", – деп атап өтті құқық қорғаушылар.
Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ оның заңды өкілі де жазаланды – жасөспірімнің алкоголь ішуіне, түнгі уақытта үлкендердің қарауынсыз жүруіне және ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін.
Бұған дейін ІІМ мектептерде жол қозғалысы ережелері бойынша міндетті сабақтар енгізуді ұсынғаны хабарланған болатын.