Жаз шықса, баршамызды мазалайтын жәндіктің бірі – маса. Кім-кімнің де ойына «осы тіршілік иесі жоқ ел бар ма екен?» деген сауал келуі мүмкін. Сөйтсек, дүниеде ондай жер бар екен.
Бұл мемлекет – Исландия. Онда масаның бірде-бір түрі кездеспейді. Қызығы, оған жақын орналасқан Норвегияда да, Шотландия мен Ирландияда да, тіпті Гренландияда да маса бар. Ғалымдар нақты себебін таппағанымен, табиғи жағдайға байланысты болуы ықтимал деген тұжырым айтады. Яғни Исландияның құбылмалы климатына нәзік жәндіктер бейімделе алмайды екен.