Танымал әнші Макс Корждың 6 қыркүйекке жоспарланған үлкен концерті тағы да өтпейтін болды. Шоу-бизнес жұлдызы Алматыдағы Орталық стадионда өнер көрсетпек болған, деп спорт құрылыстары дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Алматы қаласының спорт құрылыстары дирекциясының хабарлауынша, концерт рұқсат қағаздарының толық болмауына байланысты өтпейтін болған.
"Концертке дейін санаулы күндер қалды. Алайда мұндай масштабтағы шараларға дайындық үшін Орталық стадионға шамамен 10-20 күн қажет. Бүгінгі күнге дейін дирекцияға келісімшартқа негіз болатын, қажетті құжаттар ұсынылмады”, — делінген ресми мәлімдемеде.
Дирекция өкілдері үздіксіз өтетін концерттік шаралар аренаның көгалына кері әсерін тигізіп, футбол матчтарын өткізуге кедергісін келтіретінін жеткізді.
Алдағы уақытта бұл алаңда маңызды ойындар өтпек. Оның арасында “Қайрат” командасының Чемпиондар лигасындағы топтық кезеңіндегі матчтары да бар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз