Қазақстан Республикасы азаматтарына Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласына кіру ережелері туралы маңызды ақпарат жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ FlyArystan әуе компаниясына сілтеме жасап.

"2025 жылғы 1 қазаннан бастап 21 жасқа толмаған жолаушыларға ата-анасының немесе жақын туысынсыз Шарм-эль-Шейхке баруға тыйым салынады", — делінген хабарламада.

Егер сапарға ата-әжесі, 21 жастан асқан ағасы не әпкесімен барса, нотариалды расталған сенімхат талап етіледі. Сенімхат орыс тілінде қабылданады. Өзімен бірге төлқұжат пен туу туралы куәлік болуға тиіс.

"FlyArystan чартерлік рейстерінің жолаушыларына, туристік пакетпен саяхаттайтындарға (яғни қонақүйді қоса қамтитын) қосымша талаптар немесе өзгерістер енгізілмейді", — дейді компания өкілдері.

Сондай-ақ барлық сапар әдеттегі тәртіппен – визасыз жүзеге асырылатыны айтылды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз