Жыл басынан бері 3,4 млн қорап заңсыз темекі тәркіленді .

Абай облысында "Заң және тәртіп" қағидаты аясында жалпы құны 1,5 милилард теңгеден асатын 4,5 миллионнан астам темекі өнімі жойылды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

Темекі өнімдерін жою процесі арнайы құрылған комиссияның қатысуымен жүзеге асырылды. Оның құрамына құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге қоғам қайраткерлері, экологтар және тәуелсіз бақылаушылар кірді.

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз темекі айналымының жолын кесу бойынша жүйелі жұмысын жалғастырып келеді. Жыл басынан бері атқарылған жұмыстар нәтижесінде:

  • 39 заңсыз айналым фактісі анықталды;
  • 3,4 млн-нан астам қорап темекі тәркіленді;
  • өндіріс жасырылған екі цех жойылды;
  • тоғыз тұлғаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Тәркіленген барлық контрафактілік өнім сот шешіміне сәйкес толықтай жойылады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда темекі өнімдерінің импорты екі есе азайды