Танымал әнші Айқын Төлепберген ән айтып тұрғанда күтпеген жағдай болды, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.
Тосын жағдайдың видеосын әртіс Instagram парақшасында жариялады.
"Бұл 17-18 жасқа толған түлектер. Бұл ән шыққанда олар 4-5 жаста болатын. Бұл әнді тыңдамаған. Ондай жаста басқа да шаруалар бар. Бірақ 15-17 жас аралығында бір жерден естіп, ұнатқан деп ойлаймын. Себебі алғашқы махаббат, алғашқы кездесу болады. Ең бастысы қазіргі жас буын қазақ әнін "модный" дәрежесіне көтерді. Иә, иә, бұл мәселеде дәл осы буының зор үлесі бар. Ендігі мақсат – қазақ тілін "модаға" енгізу. Микрофон өшіп қалса да, жалғастырып әкетті", – деп жазды Айқын Төлепберген.
Айта кетейік, Айқын Төлепберген Джей Лоның концертінде өнер көрсеткен Садраддинге қолдау білдірген еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)