Бүгін, 27 тамызда сағат 01:33-те Маңғыстау облысы аумағында жер сілкінісі сезілді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 2321 км жерде орналасқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінде жер сілкінісі тіркелді.

"Эпицентр Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2321 км жерде Ресей аумағында орналасқан. Эпицентрдің координаттары 42.925 º солтүстік ендік және 48.765 º шығыс бойлықта, тереңдігі 15 км. Магнитудасы MPV 5.2", — делінген хабарламада.

Жер сілкінісі Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан 209 шақырым жерде 2 балл болып сезілген.

Министрлік мәліметінше, зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ. Жағдай тұрақты.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз