8 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысы болады. Онда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ президенттің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды", — делінген Руслан Желдібайдың Telegram желісіндегі хабарламасында.

Айта кетейік, жиынға сенат пен мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.

Еске сала кетейік, былтыр 2 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялаған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз