Алматылық "Қайрат" плей-офф раундының қарымта матчында шотландиялық "Селтикті" өз алаңында жеңіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің плей-офф раунды аясында өткен кездесудің негізгі уақытында гол салынбады. Матч пенальти сериясына дейін өтіп, нәтижесінде қазақстандық клуб қарсыласынан басым түсті.

"Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков шотландиялық команданың үш соққысын қайтарып, алматылық клубқа жеңіс сыйлады. Пенальти нәтижесі — 3:2.

Айта кетейік, "Қайрат" қарымта кездесуде жеңіске жетіп, алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз