Ақмола облысы әкімдігінің өкілдері бүгін Степногорсктағы ЖЭО-да болған қайғылы жағдайға қатысты пікір білдіріп, оқиғаның мән-жайын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды..
Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жазатайым оқиға 26 тамызда, мердігер ұйымның қызметкерлері Степногорск ЖЭО-дағы № 2 қазандық агрегатында су экономайзерін жөндеп жатқанда болған.
"Зардап шеккендер Степногорск қаласының көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Олардың біреуі қайтыс болды, үшеуі әртүрлі дәреже жарақат алды. Қазір пациенттердің жағдайы тұрақты, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, емдеудің толық көлемін алады", — делінген ведомство хабарламасында.
Оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрды. Тергеу аяқталғаннан кейін материалдар процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілетін болады.
"Оған қоса, Степногорск қалалық ЖЭО оқиғадан қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасына жан-жақты көмек көрсететінін хабарлаймыз", — деді әкімдік өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз