Степногорск қаласындағы ЖЭО-да оқыс жағдай орын алып, салдарынан бір адам өаза тауып, үшеуі зардап шекті. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ақмола облысының ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Степногорсктағы қалалық ЖЭО-да монтаж жұмыстары кезінде бір жұмысшы қаза тауып, үшеуі жарақат алды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның себеп-салдарын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", — деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Тексеріс нәтижесінде лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, нақты процессуалдық шешім қабылданады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз