Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астанаға сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королін Астана әуежайынан қарсы алды.

Ертең мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан-Иордания бизнес форумына қатысады.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 тамыз күндері Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келетінін жазған едік.

Астанаға сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.