2025 жылғы 26 тамызда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Орташа сараланған доллар бағамы 533,87 теңгені құрап, тағы да 2 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ – 6,65 теңге болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы таңғы саудада 74,59 теңгені құрады (-0,36).
Айырбастау пункттерінде доллар 534,7-537,1 теңгеге, еуро 621-625 теңгеге, рубль 6,55-6,67 теңгеге саудалануда.
26 тамыздағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендеуде.
Лондондағы ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 0,34 долларға арзандап, 68,46 долларды құрады.
Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнай баррелінің бағасы 0,37 долларға арзандап, 64,43 доллар болды.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 535,99 теңге, еуроны – 626,36 теңге, рубльді – 6,64 теңге деңгейінде бекітті.
Күннің алғашқы жартысындағы валююта бағамын мына жерден көре аласыз.