Алматы қаласында су құбыры желілерін және су нысандарын қайта құру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы Су" МКК мәліметіне сүйенсек, 2025 жылғы 27 тамызда сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жаңа су құбырын желіге қосу жұмыстары барысында суық судың берілуі уақытша тоқтатылады. Шектеу Бостандық ауданындағы келесі көше шеңберінде орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға қатысты: Тимирязев көшесі – Сыпатаев көшесі – Әуезов көшесі – Абай даңғылы, "Атакент" ҚІЫО аумағы.

Сондай-ақ, жұмыстар жүргізілген кезеңде Әуезов көшесі бойында су қысымының төмендеуі күтіледі.

Ал, 28 тамызда сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жаңа сүзгі станциясын салу аясында технологиялық жұмыстар жүргізіледі. Осы кезеңде уақытша су беру: Ақжар шағынауданы (Ақсай сүзгі станциясының ықпал ету аймағы), Тастыбұлақ, Таужолы шағын аудандарында тоқтатылады.

"Алматы Су" МКК келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және техникалық жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне байланысты енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды өтінеді",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін 26 тамызда Әуезов, Бостандық және Наурызбай аудандарының бөлігіндегі көшелер контурында орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылатынын жазғанбыз.