26 тамызда Қазақстанның бірнеше облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қатты ыстық, шаңды дауыл, тұман, найзағай және дауылды жел күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ұлытау облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 26 тамызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 26 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 26 тамызда найзағай күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады
Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. 27-28 тамызда күндіз облыстың шөлді аудандарында 41 градус қатты ыстық. 26-28 тамызда облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 26-28 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 27 тамызда шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 26-28 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шағысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Талдықорған қ.: 26 тамызда жоғары өрт қаупі күтіледі.
Алматы облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.