Өңірде ауыл шаруашылығына серпін беретін маңызды бастама іске қосылды.
Жоба «Агроөнеркәсіптік кешен» бағдарламасы аясында жүзеге асуда, ал оның Сенімді өкілі – «ҰЛЫТАУ» ӘКК» АҚ.
Несие шарттары – барынша қолайлы: жылдық 2,5% мөлшерлемемен, 10 жылға дейінгі мерзімге, 5 млрд теңгеге дейін.
Жобаның мақсаты:
✅ мал шаруашылығын дамыту, өнімділікті арттыру
✅ ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашу
✅ отандық өндірістің сапалы етімен ішкі нарықты қамтамасыз ету
Бөлінетін қаржыға 5000 бас қой мен ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынады. Бұл қадам өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтіп, ауыл экономикасын өркендетуге үлес қосады.
Толығырақ ақпарат пен кеңес алу үшін: Жезқазған қ., Бейбітшілік даңғ, 23а
+7 708 768 3821