"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Қазақстанда алдағы сейсенбі, 2025 жылғы 26 тамызда, ауа райы ыстық әрі жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша мына өңірлерде күндіз аптап ыстық болады:

  • Ақтөбе және Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Алматы, Атырау, Ұлытау, Жетісу облыстарында +35…+37°С дейін;
  • Маңғыстау облысында +38°С дейін.
"Батыстан келген антициклон әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Батыста, шығыста, оңтүстікте жел күшейеді, батыста және оңтүстікте – шаңды дауыл, солтүстік-батыста және солтүстікте түнде және таңертең – тұман күтіледі", — делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Сонымен қатар өрт қаупінің жоғары деңгейі болжанады:

  • Жоғары өрт қаупі – Алматы облысында, Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысы мен орталығында, Қарағанды облысының шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының оңтүстігі мен орталығында, Ақтөбе облысының орталығы мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, оңтүстік-шығысы және орталығында, Қостанай облысының батысында, Абай облысының батысы, оңтүстігі және орталығында;
  • Аса жоғары өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысы мен солтүстігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Қостанай, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде.