Қазақстандық жүзуші Максим Сказобцов Румынияның Отопень қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екі финалға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде медальға бір қадам жетпей қалды. Ол төртінші болып мәреге жетті.

Сондай-ақ Максим Сказобцов пен Ришат Жұмағұлов 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде де финалға шықты.

Бұл сында Максим бесінші, ал Жұмағұлов сегізінші орын алды.

Еске салайық, бұған дейін жүзуші Максим Сказобцов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шыққанын хабарлаған едік.