Алматыдағы Бас ботаникалық бақ жұмыс кестесіне өзгеріс енгізді.
2025 жылғы 26 тамыз – санитарлық күн деп белгіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мамандардың айтуынша, айдың бірінші дүйсенбі күні – 1 қыркүйек демалыс болғандықтан, санитарлық күн 26 тамызға ауыстырылды.
– Сейсенбі, 26 тамызда Ботаникалық бақ келушілер үшін жабық болады, – деп хабарлады бақтың баспасөз қызметі.
Ал басқа күндері жұмыс кестесі өзгермейді.
– Ботаникалық бақ күн сайын 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30, – делінген хабарламада.