Трабзон – Джидда бағытындағы Flynas әуе компаниясының жолаушылар ұшағы қозғалтқыштағы ақауға байланысты әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды.

Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрлігінің мәліметінше, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 8 минуттан соң, яғни жергілікті уақытпен 19:49-да (Астана уақытымен 21:49), экипаж апат дабылын берген.

Әуе кемесі №11 ұшу-қону жолағына бағытталып, 20:18-де (Астана уақытымен 22:18) төтенше жағдайда сәтті қонды.

Ұшақ бортында 169 жолаушы болған. Ресми мәлімет бойынша олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнбеген.