Қазақстандық әртістер "Новая волна – 2025" байқауында жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Отандық әнші Александр Лим "Новая волна – 2025" халықаралық жас орындаушылар байқауының жеңімпазы атанды. Ол – осы фестивальде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық.

Үшінші орын тағы бір қазақстандық орындаушы Ерназар Жұбанға бұйырған.

Айта кетейік, әнші былтыр Витебск қаласында өткен "Славян базары" халықаралық вокал байқауында бірінші орынды жеңіп алған еді.

Ал байқау жеңімпазы Александр Лим – әлеуметтік желілерде кавер-видеоларымен танымал. Әншінің орыс, ағылшын, итальян, түрік және басқа тілдерде хит әндерді орындаған видеосы мыңдаған қаралым жинаған.

2018 жылы Александр I’m a Singer Kazakhstan байқауына қатысып, жартылай финалға дейін жеткен.

2021 жылы танымал "Голос Украины" шоуына қатысып, Надежда Дорофееваның жетекшілігімен жасырын тыңдалымнан сәтті өтіп, нокаут кезеңіне дейін өнер көрсеткен.

Мәдениет және ақпарат министрлігі өнерпаздарды жарқын жетістіктерімен құттықтап, жас әншілердің кәсіби өсуіне үнемі қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от New Wave / Новая волна (@newwave_official)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз