Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Зәуреш Ақашева Пангарюште (Болгария) өткен WTT Feeder Panagyurishte турнирінде қола медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Турнир барысында Ақашева Мириам Карновалені (Италия) 3:1 есебімен, Доминика Вильчковоны (Словакия) 3:0 есебімен және Шима Сафаэиді (Иран) 3:2 есебімен жеңді.
Сондай-ақ украиналық Анастасия Димитренкоға 1:3 есебімен есе жіберген. Нәтижесінде Зәуреш үшінші орынға табан тіреді.
Турнирге қатысқан қазақстандықтар арасынан ширек финалға дейін жеткендер:
- Жанерке Көшкімбаева (жекелей сайыс),
- Владислав Захаров/Дайто Оно (Қазақстан/Жапония, жұптық сайыс),
- Зәуреш Ақашева/Сарвиноз Миркадирова (жұптық сайыс),
- Жанерке Көшкімбаева/Элина Рахими (Қазақстан/Иран, жұптық сайыс),
- Ескендір Харки/Сарвиноз Миркадирова (аралас жұп).
Еске салайық, бұған дейін Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің чемпионы атанған еді.