Түркістан облысының тауларынан шыңды бағындырмақ болған алты турист құтқарылды, деп хабарлайды ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, 23 тамызда Шымкент қаласының тұрғындары – үшеуі ер, үшеуі әйел адам Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы "Үлкен Тұра" шыңын бағындыруға аттанған.
Алайда туристер белгіленген уақытта оралмаған. Олармен байланыс болмағаннан кейін туыстарының бірі құтқарушылардан көмек сұраған.
Құтқарушылар "Сырдария-Түркістан" өңірлік табиғи паркінің аумағына аттанып, 5 шақырымға жуық қиын таулы жермен, соның ішінде 1 шақырым таулы өзеннің бойымен жүріп өтіп, туристерді түнгі уақытқа қарай таудан тапқан.
Белгілі болғандай, әйелдердің бірі аяғын сындырып алған, ал қалғандары оны өз күштерімен тасымалдай алмаған.
Осы орайда ТЖМ жақсы дайындықсыз және байланыссыз жолға шығуға болмайтынын ескертеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз