Жаңаөзендегі жол айырығында Lexus және Toyota Hilux жол талғамайтын көліктері соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соққыдан кейін Toyota бірнеше рет аударылып, қиылыста келе жатқан ПАЗ автобусына соғылды.

Lada.kz-тің мәліметінше, жол апаты 2025 жылғы 22 тамызда сағат 10:37-де болған.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға салдарынан қаза болғандар жоқ.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Абай облысының Үржар ауданында болған жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайын өзі барып білгенін жазған едік.