Астана қаласында Ақбидай көшесінің Өндіріс көшесінен Көкше Кемеңгерұлы көшесіне дейінгі аралығына жөндеу жүргізіледі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты аталған учаске 22-29 тамыз аралығында ішінара жабылатын болады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», – делінген әкімдік хабарламасында.