Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі 2025 жылғы 15 тамыздағы бұйрығымен азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен қызметі қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі (АҚМЖ) аумақтық және салалық ішкі жүйелерден тұрады және үш деңгейге бөлінеді: республикалық, аумақтық және нысандық.

Өзгерістерге сәйкес, салалық ішкі жүйелер:

  • өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау іс-шараларын орындау үшін орталық атқарушы органдарда;
  • өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарда құрылады.

Салалық ішкі жүйе құрылымына мыналар кіреді:

  • азаматтық қорғау басқару органдары;
  • басқару пункттері;
  • азаматтық қорғау күштері мен құралдары;
  • байланыс, хабарлау және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері;
  • кезекші-диспетчерлік қызметтер;
  • ахуалды бақылау, қадағалау және төтенше жағдайларды болжау қызметтері.

Республикалық деңгейге мыналар кіреді:

  • жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штаб;
  • азаматтық қорғау басқару органдары;
  • басқару пункттері, жедел кезекші қызметтер;
  • төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар сияқты кеңесші-кеңестік органдар;
  • азаматтық қорғау күштері мен құралдары;
  • байланыс, хабарлау және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері.
  • Аумақтық деңгейге мыналар кіреді:
  • азаматтық қорғау басқару органдары;
  • басқару пункттері, жедел кезекші қызметтер;
  • төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар;
  • азаматтық қорғау күштері мен құралдары;
  • байланыс, хабарлау және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері.

Нысандық деңгейге мыналар кіреді:

  • азаматтық қорғау басқару органдары;
  • хабарлау жүйесі.

Өзгерістерге сәйкес, азаматтық қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүргізуге ұсыныстар әзірлеу үшін кеңесші-кеңестік органдар құру нормасы алынып тасталды.

Төтенше жағдай режимінде азаматтық қорғау басқару органдары мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

  • төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын енгізу және түзету;
  • төтенше жағдайлардың дамуын және салдарын болжау;
  • орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, сондай-ақ халықтың төтенше жағдайлар туралы және олардың салдары жөнінде хабарлануы;
  • төтенше жағдайларды жою жұмыстарын ұйымдастыру, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының іс-қимылын жан-жақты қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ішкі істер органдарының, Ұлттық ұланның, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың, қоғамдық бірлестіктер мен халықтың күштері мен құралдарын тарту, төтенше жағдайларды жою үшін ҚР Қарулы Күштерін қолдану;
  • төтенше жағдай аймағындағы ахуал және оны жою барысы туралы ақпаратты жинау, талдау және алмасу;
  • орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру және қолдау;
  • төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру.

АҚМЖ-нің, оның ішкі жүйелері мен буындарының белгілі бір режимде жұмыс істеуі жөніндегі шешімді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның басшылығы, әртүрлі деңгейдегі АҚМЖ-нің басқарушы органдары нақты жағдайды ескере отырып, аумақтық органдармен келісім бойынша қабылдайды.

Бұйрық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.