Астанада Семей полигонынан зардап шеккендерге Конституция күніне орай өтемақы беріледі, деп хабарлайды Baq.kz.
Басылым мәліметінше, Астанада ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен шамамен 3000-ға жуық адам Конституция күніне орай біржолғы өтемақы алады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі төлем мөлшері 2,5 АЕК (9830 теңге) болады деп мәлім етті.
"Ядролық сынақтардан келген зиян үшін өтемақы алатын азаматтарды біржолғы әлеуметтік көмекпен қамту жоспарланып отыр", — деді ведомство өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз