ҚР Орталық коммуникациялар қызметі жанындағы Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы 2025 жылғы 22 тамызда медиа кеңістікте жалған ақпараттың қалай жасалып, таралатынына талдау жасалған жаңа аналитикалық шығарылымын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шығарылымда келесі мәселелер қарастырылады:
- анонимді арналар мен "пікір көшбасшылары" арқылы алғашқы фейктердің қоғамдық консенсус елесін қалыптастырып, кең аудиторияға қалай жететіні;
- боттар мен тролльдердің рөлі;
- неге кейде теріске шығару мифті күшейтіп жіберетіні.
Мысал ретінде соңғы жылдардағы резонанстық мифтердің бірі – "жерді шетелдіктерге беру" туралы жалған ақпараттың таралуына талдау жасалған.
Шығарылымның мақсаты – қоғамға бағытталған манипуляциялардың нақты тетіктерін көрсету және ақпаратқа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын жеткізу.
Толық шығарылымды Орталық коммуникациялар қызметінің ресми ресурстарынан көруге болады.