Ұлытау ауданында екі күнге созылған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полиция қызметкерлері далада адасып кеткен екі азаматты аман-есен тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іздестіру тобына жергілікті жер жағдайын жақсы білетін тәжірибелі қызметкерлер тартылды. Олардың қатарында полиция капитаны Нұрсұлтан Байболовтың басшылығымен майор Темірлан Үмбет, капитан Нұрбол Ақбергенов, аға лейтенант Серік Медет және сержанттар Барысхан Қылыбекұлы мен Айдын Сейтжаппар болды.

Екі күн бойы жүргізілген іздестіру нәтижесінде жоғалғандар табылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазір олар туыстарына аман-есен табысталды.