Қырғызстанға ресми сапармен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда ел басшысы Садыр Жапаров күтіп алды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысын Манас халықаралық әуежайында Қырғызстан gрезиденті Садыр Жапаров қарсы алды.

"Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысады", — делінген Ақорда хабарламасында.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз