Прокуратура органдары инвесторлардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.
Осы жұмыс шеңберінде "Қорғас ХШЫО" арнайы экономикалық аймағының аумағында "Қолөнершілер қаласы"сауда павильонын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыратын Қытай инвесторы "International castle" ЖШС-ның проблемалық мәселесі сәтті шешілді.
Компания АЭА қатысушыларының тізілімінде тіркеуден бас тартуға және қатысу шартының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жобаны іске асыруда кедергілерге тап болды.
Құрылыс материалдарын әкелудің аяқталмаған кедендік рәсіміне және кейіннен инвесторды тізілімнен шығаруға байланысты Мемлекеттік кіріс органдары 1,4 млрд теңгеге кедендік төлемдерді қосымша есептеді.
Бас прокуратураның ұсынысы бойынша инвесторға қатысты шектеулер алынып тасталды, заңсыз есептелген төлемдер жойылды.
Жіберілген бұзушылықтар үшін кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Нәтижесінде компания 7 млрд теңгеге жобаны іске қосты, оның шеңберінде жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.
Инвестициялық жоба туристік және сауда әлеуетін дамытуға, сондай-ақ қытайлық туристердің АЭА-ның қазақстандық жағына қызығушылығын арттыруға бағытталған.