Ақтөбеде велосипед ұрлығын ашуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 22 жастағы ер азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, алдын ала тергеу кезінде күдікті тағы үш велосипед ұрлығы дерегіне қатыстылығын мойындады.

Оның айтуынша, қараусыз қалған көліктерді иемденіп, жертөлесінде сақтап келген. Ұрланған мүлікті кейін сатып, пайда табуды көздеген.

"Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды",- делінген ақпаратта.

Полиция департаменті тұрғындарға жеке мүлкіне ұқыпты қарауға, велосипедтерді қараусыз қалдырмауға және сақтық шараларын қатаң сақтауға кеңес береді.

Бұған дейін түнде Алматы тауларында адасып қалған 18 жастағы турист құтқарылғандығын жазғанбыз.