Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2025 жылғы 8 тамыздағы бұйрығымен елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде суды есепке алу аспаптары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдаланудың жаңа қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидалар су көлемін коммерциялық есепке алуға арналған өлшеу құралдары мен ақпараттандыру объектілерін, елді мекендердің ыстық сумен жабдықтауды және (немесе) су бұру жүйесін қоса алғанда, сумен жабдықтау жүйелерінде (бұдан әрі-сумен жабдықтау немесе су бұру жүйелері) оларға қойылатын талаптарды таңдау, монтаждау және пайдалану тәртібін, сондай-ақ сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінің су тарту және су ағызу құрылыстарындағы, көтерілімдер сорғы стансаларындағы, айдау сорғы станцияларындағы суды есепке алу тораптарының және су тұтынушыларда су тұтынушының санаты мен объектісіне және су тұтынудың көлемдеріне байланысты жарақталуының ең төменгі деңгейін айқындайды.

Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

  • автоматтандыру – ақпаратты құруды, іздеуді, жинауды, сақтауды, өңдеуді, алуды, пайдалануды, түрлендіруді, көрсетуді, таратуды және ұсынуды оңтайландыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану процесі;
  • ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтамасыз ету, интернет-ресурстар және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;
  • деректерді қашықтан жинау және беру –сымды және сымсыз (радиоканалдық) байланыстың әртүрлі технологияларын пайдалану арқылы суды есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін кез келген уақытта және кез келген жерде адамның қатысуынсыз қашықтықтан алу;
  • деректерді жинау және беру құрылғысы (бұдан әрі – ДЖБҚ) – суды есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді автоматты түрде жинауға және суды есепке алудың ақпараттық-өлшеу жүйесінде (бұдан әрі – АӨЖ) және (немесе) жеткізушінің энергия тұтынуын есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде деректерді кейіннен беруге арналған суды есепке алу аспабына қосылатын және (немесе) орнатылған, суды есепке алу торабының құрылғысы (элемент);
  • жалпыүйлік суды есепке алу аспабы – пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің су тұтынуының және (немесе) су бұрудың жалпы көлемін айқындау үшін көппәтерлі тұрғын үйге (блок, корпус) сумен жабдықтаудың кірмесінде пайдалану жауаппкершілігін бөлу шекарасында орнатылатын суды есепке алу аспабы;

Қағидалардың талаптары мынадай жағдайларға қолданылмайды:

  • Қағидалар қолданысқа енгізілге дейін және оларды пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін жеткізуші пайдалануға рұқсат еткен суды еспке алу тораптарының элементтеріне;
  • сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі қызмет көрсететін және пайдаланатын ұйымдар елді мекендердің сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне енгізілмеген суды (ауыз су, техникалық, ағынды және өзге де су түрлері) есепке алуды ұйымдастыруға;
  • суды бастапқы есепке алуды ұйымдастыруға.

Суды есепке алу торабы типін бекіту не метрологиялық аттестаттау, нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген суды есепке алу аспаптарымен жабдықталады, сондай-ақ Заңның 19-бабының 6-тармағына сәйкес сенім білдірілген адамдардың өлшем құралына және (немесе) пайдалану құжаттамасына басылатын салыстырып тексеру таңбасының баспа таңбасымен және салыстырып тексеру туралы сертификаты болуға тиіс.

Тексерулер арасындағы белгіленген аралық өткеннен кейін суды есепке алу аспабы коммерциялық есептен шығарылуға жатады және су тұтынушылармен есеп айырысуға жатпайды.

Су тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде орнатылатын суды есепке алу аспаптарын жеткізуші енгізеді және коммерциялық есептен шығарады.

Есепке алу тораптары тұрғын немесе тұрғын емес үй жайларға әрбір кірмесінде орнатылады. Бір немесе одан да көп есепке алу аспабы істен шыққан жағдайда, көрсетілген сумен жабдықтау қызметтерінің көлемі аспаптардың болмауы кезеңіне есепке алу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес, бірақ бір айдан аспайтын өткен үш айдағы орташа шығыс бойынша айқындалады. Су тұтынушы күнтізбелік отыз күн ішінде суды есепке алу аспабын ауыстыруды жүргізеді.

Суды есепке алу аспабын тексерудің оң нәтижесі кезінде Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне сәйкес оны пайдалану (қызмет ету) мерзімі келесі салыстырып тексеру аралығына ұзартылған деп танылады. Пайдалану мерзімі дайындаушы зауыт көздеген есепке алу аспабының техникалық паспортында көрсетілген мерзімнен аспауға тиіс.

Суды есепке алу торабы есепке алу аспаптарының өлшенген көрсеткіштерін жеткізушінің ИАЖ және (немесе) ЭТЕААЖ-ға автоматты түрде алуды, сақтауды және беруді қамтамасыз ететін ӨҚЖ-мен жабдықталады.

ДЖБҚ сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінде сыртқы әсерлерден қорғауды, тұрақты электрмен қоректендіруді және тұрақты байланыс арнасын қамтамасыз ететін техникалық жабдықталған орындарда (автоматика шкафтарында, техникалық үй-жайларда) орнатылады. ДЖБҚ орнатуды мен пайдалануды қауіпсіздік талаптарын мен техникалық қызмет көрсету мүмкіндіктерін сақтай отырып, мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.

Суды есепке алу аспабы кезектен тыс тексеруге жатады:

  • қолдануға жарамдылығын растау қажеттілігі;
  • салыстырып тексеру таңбасының бедеріне зақым келтіру, бастапқы немесе кезеңдік тексеруден өткенін растайтын құжаттың жоғалуы, оның ішінде оларды сақтау кезінде;
  • жиынтығында суды есепке алу аспаптары қолданылатын суды есепке алу аспаптарын немесе бұйымдарды консервациялауға қойылатын талаптарға байланысты мерзімді тексеру жүргізілген сақтаудан кейін пайдалануға беру;
  • суды есепке алу аспаптарын, сондай-ақ жиынтығында суды есепке алу аспаптары қолданылатын бұйымдарды қайта консервациялау;
  • тексеру аралығының жартысы өткеннен кейін ұзақ сақтауға беру;
  • су тұтынушыға тексеру аралығының жартысы өткеннен кейін суды есепке алу аспаптарын монтаждау.

Су көздерінен су алу кезінде есепке алу тораптарында мынадай параметрлер тіркеледі:

  • су шығынының ағымдағы мәні – сағатына текше метрмен (м³/сағ);
  • есептік тәуліктегі тұтынылған судың жиынтық көлемі – тәулігіне текше метрмен (м ³/тәулік);
  • есепке алу аспабының жұмыс ұзақтығы – сағатпен (немесе минутпен);
  • есепке алу торабының авариялық және штаттан тыс жұмыс режимдерін тіркеу.

Артық қысымның салыстырмалы қателігі нормаланбайды.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқи аласыз. Бұйрық 2025 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.