Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Ақмола облысында 2 баланы найзағай соғып, біреуі қайтыс болған

Бұл туралы Ақмола облысы Полиция департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness .kz сайты.

Оқиға бүгін Біржан сал ауданындағы Үлгі ауылында болған.

Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, найзағай соққысының салдарынан 2015 жылы туған бала көз жұмып, 2010 жылы туған бала жарақат алған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.