Астанадағы ойын-сауық орындарының бірінде ұрлық фактісі тіркелді. Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 20 тамызда ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, дәмхана қызметкері бірнеше минутқа кабинеттен шығып кеткен кезде, өзінің жеке мүлкінің жоғалғанын байқаған.

"Криминалдық полицияның жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 36 жастағы күдікті анықталды. Ол кеңсеге еркін кіріп, үстел үстінде жатқан құны 100 мың теңге тұратын ұялы телефонды жасырын алып кеткен",- делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, күдікті жұмысқа орналасу мақсатында келіп, әкімшіні күтіп отырған сәтте телефонды көріп қалып, оны қолына алған да, оқиға орнынан шығып кеткен.

"Тергеу барысында ол кінәсін толық мойындады. Ұрланған телефонды сатып, ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтқан". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Алматыда шетелдік алаяқтарға көмектескен екі азамат ұсталғандығын жазғанбыз.