FlyArystan әуекомпаниясы Астана әуежайының жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты рейстерде өзгерістер орын алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кестедегі өзгерістер жайлы ақпарат компанияның Telegram-арнасында 2025 жылдың 20 тамызында жарияланды.
"FlyArystan әуекомпаниясы Астана әуежайында 2025 жылғы 1-4 қыркүйек аралығында және 8 қыркүйектен 31 қазанға дейін сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жүргізілетін жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты рейстер кестесіне өзгерістер енгізілгенін хабарлайды",- делінген ақпаратта.
Әуекомпания жолаушылармен билетті брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы хабарласып, туындаған барлық сұрақтар бойынша қажетті қолдау көрсетуге әрдайым дайын екенін жеткізді.
"Әуежайдың жабылуына байланысты рейстің өзгеруі әуекомпанияның бақылауындағы себепке жатпайтындықтан, стандартты өтемақы ережелеріне кірмейтініне назар аударамыз.Қайта брондау және билетті қайтару шарттары жіберілген хабарламаларда көрсетілген, сондай-ақ келесі сілтеме арқылы сайтта қолжетімді". FlyArystan әуекомпаниясы
Астанаға/Астанадан жоғарыда көрсетілген кезеңде сапар жоспарлаған барлық жолаушыларға FlyArystan ресми сайтынан немесе мобильді қосымшасынан рейстерінің өзекті статусын алдын ала тексеріп отыруды және келіп түсетін хабарламаларды мұқият қадағалауды ұсынды.
"Байланыс нөмірлері: FlyArystan байланыс орталығы: +7 (727) 331-10-10, +7 702 702 02 27 (WhatsApp), Астана әуежайы: +7 (7172) 702–999". FlyArystan баспасөз қызметі
Бұған дейін АҚШ визасына қатысты қазақстандықтарға маңызды жайт жайлы ескертілгендігін жазғанбыз.