21 жастағы қазақстандық теннисші Арсланбек Айтқұлов антидопинг ережелерін бұзғаны үшін жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Халықаралық теннистегі адалдықты қамтамасыз ету агенттігі (ITIA) мәлім етті.

"Тәуелсіз трибунал Айтқұлов 2024 жылғы қаңтарда алынған антидопинг сынамасынан екі тыйым салынған зат табылғанын олардың кездейсоқ түскенін дәлелдей алмады", — делінген агенттіктің ресми хабарламасында.

Айта кетейік, ITIA 2024 жылғы 14 наурызда қазақстандық спортшыға антидопинг ережелерін бұзу туралы алдын ала хабарлама жіберген.

Айтқұлов 2023 жылғы қарашада өзінің мансабындағы ең жоғарғы көрсеткішке – әлемдік рейтингте 1250-орынға көтерілген. Ол 2024 жылғы қаңтарда Дохада өткен ITF Әлемдік турнирінде жарыс кезінде сынақ тапсырған.

Кейінгі талдау нәтижесі бойынша екі сынамадан да тыйым салынған LGD-4033 және "Метилгексанамин" заттары анықталды. Осыдан кейін Айтқұлов жарыстардан уақытша шеттетілді.

2025 жылғы 30 маусымда өткен онлайн тыңдауда тәуелсіз трибунал теннисшіні төрт жылға жарыстардан шеттету туралы шешім шығарды. Өйткені екі заттың бір мезгілде анықталуы – Әлемдік антидопинг кодексіне сәйкес, ережені алғашқы рет бұзған болып саналады.

"Атлеттің оң нәтиже көрсеткен турнирдегі нәтижелері, жүлде қаржысы және рейтинг ұпайлары, сондай-ақ оң нәтиже анықталған күннен бастап уақытша шеттету күніне дейін қатысқан барлық турнирдегі нәтижелері жойылады", — деп хабарлады агенттік.

Айтқұлов 2024 жылғы 23 наурыздан бастап уақытша шеттетілген, сондықтан жазасын өтеу мерзімі сол күннен бастап есептеледі. Оның дисквалификациясы 2028 жылғы 22 наурызда аяқталады.

Дисквалификация кезінде қазақстандық спортшыға ойнауға, жаттықтыруға немесе ITIA мүшелері (ATP, ITF, WTA, Tennis Australia, Fédération Française de Tennis, Wimbledon және USTA) не кез келген ұлттық ассоциация мойындаған немесе рұқсат еткен теннис турнирлеріне қатысуға тыйым салынады.

Бұған дейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2025 турнирінің алғашқы ойынында жеңіліп қалғанын хабарланған едік.